• 04-05-2026

Ақтөбелік балуан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды (фото, видео)

Грек-рим күресінен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Жаңажол Қуанышбек Афинада өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды olympic.kz сайты.

Қазақстандық балуан 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарған.

Финалдық белдесуде Қуанышбек Қырғызстаннан барған Нуркерим Кумарбековті жеңген.

Бұған дейін осы әлем біріншілігінде Нұрдәулет Құмарұлы (48 келіге дейін) мен Нұралы Асқар (55 келіге дейін) күміс медаль иеленсе, Шамиль Досбол (65 келіге дейін) қола жүлде еншілеген.

Айта кетейік, Жаңажол Қуанышбек Ақтөбе өңірінің тумасы. Оны жарқын жеңісімен Ақтөбе облысының әкімдігі де құттықтады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Olympic Wrestling (@unitedworldwrestling)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Wrestling (@kazwrestling_official)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз