«Атырау» футбол клубы екі легионермен келісімшартты ұзартпады
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Нұралы Әліп – "Зенит" тарихындағы капитан атанған тұңғыш қазақстандық футболшы.
Ресей кубогының алғашқы матчында аталған клуб "Ахматты" 2:1 есебімен жеңіп, мерейі үстем болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Ең маңыздысы – жеңіске жеттік. Бізді стадионнан және экранның ар жағынан қолдаған жанкүйерлерге зор алғыс. Алғаш рет алаңға капитан болып шығып, бірден жеңіске жету – мен үшін үлкен қуаныш. Грозныйда әрқашан оңай болмайтыны белгілі: чемпионатта да, Кубокта да бізге қиынға соғады. Бүгінгі ойын – соның тағы бір дәлелі. Маған сенім артқандардың бәріне алғысым шексіз. Матч алдында командаластарым да қолдау көрсетіп, жігер берді. Капитан болу – ең алдымен жауапкершілік. Бұл сенімге лайық болу керек. Тағы да баршаңызға рақмет! – деп ағынан жарылды қазақ баласы.
Журналистер тарапынан "Сіз – "Зенит" тарихындағы капитан атанған тұңғыш қазақстандықсыз. Бұл сізге қандай әсер сыйлады?" деген сұрақ қойылған.
Өз кезегінде Нұралы Әліп мұның үлкен жауапкершілік екенін айта келе, маңызды матчта сенім білдіргені үшін бас бапкер Сергей Богданович Семака мен бапкерлік құрамға алғысын жаудырған.
Еске салайық, алдағы ойында, яғни 12 тамызда "Зенит" өз алаңында "Рубинмен" кездеседі.
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Қазақстан ұлттық құрамасы мен семейлік «Елимай» клубының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек ресми түрде отб ...
Францияның атақты шабуылшысы Килиан Мбаппе сот шешімімен бұрынғы клубы «Пари Сен-Жерменнен» 61 миллион еуро өтемақы ...