• 04-05-2026

СҚО-да толассыз жауынға байланысты республикалық маңызы бар автожол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

СҚО-да толассыз жауын-шашын мен көлік қозғалысының қарқындылығына байланысты республикалық маңызы бар автожол учаскесінде көлік қозғалысы уақытша шектелді. Бұл туралы "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"2025 жылғы 31 шілдеде сағат 13:00-ден бастап Солтүстік Қазақстан облысында толассыз жауын-шашын мен көлік қозғалысының қарқындылығына байланысты "Тимирязево – Сарыкөл – облыс шекарасы" республикалық маңызы бар автомобиль жолының (0-30 км) Тимирязево ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі учаскесінде автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді", — делінген хабарламада.

Балама бағыттар:

Қостанай қаласынан Тимирязев ауданына бару үшін келесі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын пайдалануға кеңес беріледі:

  • KAZ03 "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай (айналып өту) – РФ шекарасы (Қайрақ өткізу пункті)" – 553-768 км;
  • KAZ13 "Жезқазған – Арқалық – Петропавл" – 673-786 км;
  • KZ15-05 "Волошинка – Сергеевка – Тимирязево" – 56 -119 км.

Жолды 2025 жылғы 2 тамыз сағат 15:00-де ашу жоспарланған.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз