
Абай облысы меншікті кірістер мен бюджет қаражатын тиімді игеру бойынша үздіктер қатарынан көрінді
Биылғы жылдың 1-інші жарты жылдығында Абай облысының меншікті кірістері 135,4 пайызға орындалып, облыстар бөлінісінде ең жоғары көрсеткішке жетті.
Бюджет қаражаттарын тиімді игеру қорытындысы бойынша 99,6 пайызға орындалып, үздіктер қатарында екінші деңгейге тұрақтады.
Бұл туралы Абай облысы әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен өңірдің 2025 жылғы 1-інші жартыжылдықтың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы әкімдік отырысында айтылды.
Облысқа инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға байланысты терең талдаулар жасалды. Биылғы жылдың 1 жартыжылдығында облыс экономикасының өсуі 3,7% құрады. Өсім көлік саласында 119,6%, құрылыста 117,4%, байланыста 108,3%, ішкі саудада 108,3%, ауыл шаруашылығында 104,2%, өнеркәсіпте 101,1% қамтамасыз етілді.
Абай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының талаптарының орындалуына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Мемлекет басшысының Алакөлге қатысты сынынан кейін облыс әкімі аппаратының инспекторлары өңірдегі коммуналдық жағажайлардың санитарлық жағдайына талдау жүргізіліп, бұл бағыттағы жұмысты жандандыру бойынша нақты міндеттер белгіленді.
TOP
-
-
-
-
-
-
”Ағайын-туыспен араласуды қойдым”: Маңғыстау облысы әкімінен ұлды болдым деген әйел жан сырымен бөлісті
01.08 -
-
-
-
-
-
-
-