NCOC компаниясынан 3,6 млрд теңге айыппұл өндірілді
Атырау облысының прокуратурасы NCOC компаниясының экология заңнамасын бұзып, шикі газды шамадан экологиялық рұқсатсыз жа ...
Жетісу облысында биыл жалпы ұзындығы 17,5 шақырымды құрайтын арық желілерін жабдықтау жоспарланған. Бұл жұмыстар «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Аталған бастама қоғамдық инфрақұрылымды жақсартуға, көше жарығын орнатуға және елді мекендердің көркі мен санитарлық жағдайын арттыруға бағытталған. Соның ішінде арық жүйелерін салу жұмыстары да қарқынды жүргізілуде.
Мәселен, Ақсу ауданы Қапал ауылында 2 шақырым, Ескелді ауданы Ақын Сара ауылында 5,5 шақырым, Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ ауылында 2,6 шақырым, ал Талдықорған қаласында 7,4 шақырым арық желісі салынады.
Бұл игі істі жергілікті тұрғындар да оң қабылдауда. Ескелді ауданы, Ақын Сара ауылының тұрғыны Нұртілеу Ибрагимов атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылығын білдірді:
— Мен осы ауылда тұрып келе жатқаныма елу жылдан асты. Кеңес заманында кейбір көшелерде арық болғанымен, кейін істен шыққан еді. Қазір көшелер абаттандырылып, халықтың игілігіне жарайтын арықтар салынып жатқанына қуаныштымыз, – дейді ауыл ақсақалы.
Экологиялық маңызы зор бұл жоба ауыл өмірінің сапасын арттыруға оң әсерін тигізетіні сөзсіз.
Атырау облысының прокуратурасы NCOC компаниясының экология заңнамасын бұзып, шикі газды шамадан экологиялық рұқсатсыз жа ...
Жетісу облысына қарасты Алакөл ауданы Көкмойын шатқалындағы таулы жерлерде құрғақ шөп отқа оранды. Қазір ...
Жетісу облысында кейінгі үш жылда 1120 әлеуметтік нысанның басым көпшілігіне пандустар орнатылды. Дегенме ...