
Жаңаарқа кентінде жас кәсіпкер Жанар Әшірова автокөліктің майын ауыстыруға арналған техникалық қызмет көрсету орталығын ашты. Аталған нысан Жаңаарқа ауданы әкімінің жастарға арналған осы жылдағы гранты аясында жүзеге асқан.
«Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Бұл – нақты іске, еңбекке, кәсіпке бет бұрған жастарды қолдаудың айқын белгісі. Аудан бойынша 41 жас гранттық конкурсқа қатысып, 20 жас кәсіпкер жеңімпаз атанды. Солардың бірі – Жанар Қасымбайқызы. Бүгін ашылып отырған нысан – жас кәсіпкердің еңбегі мен ізденісінің нәтижесі», дейді аудан әкімі Қанат Қожықаев.
Жаңа техникалық қызмет көрсету пункті кент тұрғындарына қолжетімді әрі сапалы қызмет көрсетуге бағытталған.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында шағын және орта бизнеске мемлекет жағдай жасау керек дегенді үнемі айтып келеді. Біз орталықта көлік моторының майын сатамыз. Майды сатып қана қоймай, ауыстырып береміз. Майдың түрлері өте көп. Барынша қамтуға тырысып жатырмыз. Тұтынушы майды сатып алса, тегін құйып береміз. Аудан бойынша мұндай қызмет бізде ғана бар. Сапалы қызмет алған жолаушы уақытын үнемдейді. Сонымен қатар көлікке арналған түрлі аксессуар да сатамыз. Балаларымен келген жандарға арналған демалыс орны бар. Салқын сусындар да ұсынамыз», дейді Жанар.
Кәсіпкер алдағы уақытта кәсіп ауқымын кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуды көздеп отыр.
Ұлытау облысы
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
”Ағайын-туыспен араласуды қойдым”: Маңғыстау облысы әкімінен ұлды болдым деген әйел жан сырымен бөлісті
01.08 -
-
-
-