Қоғамға бағытталған полиция моделін қалай құруға болады?
Қазір полиция – жай ғана құқық бұзушылықпен күресуші күш емес, ол бұқарамен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіп пен әділ ...
Жалған құжат рәсімдеу арқылы өзін мемлекеттік қызметші ретінде ұсынған Тараз қаласының тұрғыны мемлекеттен заңсыз баспана алғаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінде тұрғын үй заңнамасының сақталуына жүргізілген тексеру нәтижесінде азаматша "С" жалған анықтама ұсынып, өзін мемлекеттік қызметші ретінде көрсетіп, Тараз қаласындағы "Ұлы Дала" шағын ауданынан мемлекеттік тұрғын үй қорынан заңсыз екі бөлмелі пәтер алғаны анықталды, – делінген хабарламада.
Сот-сараптамалық зерттеуінің қорытындысына сәйкес ұсынылған анықтаманың жалған екені белгілі болды.
– Прокуратураның нұсқауымен, 22.07.2025 жылы аталған алаяқтық фактісі бойынша Тараз қаласы ПБ-мен ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – деп хабарлады облыстық прокуратурадан.
Қазіргі уақытта аталған жылжымайтын мүлікті мемлекеттік қорына қайтару жұмыстары жүргізілуде, ол кейіннен тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға беріледі.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Қазір полиция – жай ғана құқық бұзушылықпен күресуші күш емес, ол бұқарамен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіп пен әділ ...
Ақмола облысының полициясына сұлулық салонында жұмыс істейтін тұрғын әйел жүгініп, Instagram желісінен шырша сату тура ...
Түркістанда полицейлер 8,5 миллион теңге шығын келтірген ұрлықтың бетін ашты, — деп хабарлайды Massaget.kz ...