• 04-05-2026

Маңғыстау облысында бас есепші бюджет қаражаттарын жымқырғаны үшін бас бостандығынан айырылды

Облыс прокуратурасы Маңғыстау техникалық колледжінің қызметінде тексеріс жүргізді.

Тексеріс нәтижесімен бас бухгалтермен 243 млн теңге көлемінде іс-сапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аудару арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды.

Бұл факті бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2 тармағымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп тексеру арнайы прокурорлармен жүргізілді.

Маңғыстау аудандық сотының 09.07.2025 жылғы үкімімен колледждің бас есепшісі ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2 тармағымен 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 10 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналасу құқығынан айырылды.