Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО) келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты, деп хабарлайды 1bol.kz.
Ол жақында ғана ұзақ уақыттан кейінгі үзілістен соң шаршы алаңға оралған болатын.
"Енді қыркүйекте кезекті жекпе-жек өткіземін. Келер жылдан бастап MMA-дағы UFC сияқты жаңа промоушн Zuffa басталады. Ол жақтағы кездесулер оңай болмайды. Қазіргі өткізіп жатқан айқастарым – сол үлкен жекпе-жектерге дайындықтың бір бөлігі. Бірақ әзірге қарсыласымның кім екені белгісіз. Белгілі болғанда ресми түрде хабарлаймыз", — дейді Елеусінов.
Айта кетейік, Данияр 19 шілдеде АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен бокс кешінде филиппиндік Джеймс Бэконды (26-6, 17 KO) екінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жеткен еді.
Бұл оның 4 жыл 8 ай ішіндегі Америкада өткізген алғашқы жекпе-жегі. Ал соңғы рет ол Алматыда филиппиндік Джо Нойнаянаға (23-5-2, 11 KO) қарсы жұдырықтасып, бәсеке тағдырын мерзімінен бұрын шешкен.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
TOP
-
Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
30.12 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-