Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Қазақстанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты маңызды жол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін шектеу енгіз ...
Зардап шеккендер жоқ.
Абай облысы Көкпекті ауданындағы Бұқтырма су қоймасында мұз астына түсіп кеткен көлік шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, Көкпекті ауданының тәртіп сақшылары Бұқтырма су қоймасындағы "Табанды қара" учаскесінде мұз астына жартылай түсіп кеткен көлікті көрген. Олар дереу жүргізушіге көмекке ұмтылды.
"Жүргізуші өз күшімен мұздан шыға алмаған. Полицейлер жағдайды жылдам бағалап, тростың көмегімен көлікті бекітіп, оны қауіпсіз жерге алып шықты. Құтқарылған жүргізуші полиция қызметкерлеріне өз алғысын білдірді", – делінген ақпаратта.
Осы ретте, департамент қызметкерлері азаматтарды мұз үстімен, оның ішінде "Табанды қара" учаскесінде жүргенде барынша сақ болуға шақырды. Мұздың беріктігі туралы нақты ақпарат болмаса, қауіпсіздік мақсатында автокөлікпен мұз үстіне мүлде шықпаған жөн.
Қазақстанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты маңызды жол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін шектеу енгіз ...
Қазақстанның автокөлік одағы президенті Анар Мақашева алдағы жылы елдегі автокөлік бағасына қатысты болжамын жарияла ...
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы мәлімдеді. Ауа райының нашарлауына байланысты ...