Жерде әлсіз магниттік дауыл басталды
Бұл туралы Ресейдің Қолданбалы геофизика институты (ИПГ ФМБУ) мәлімдеді . Қазіргі уақытта Жердің магнит өрісі ...
Бұған дейін , 5 тамызда Күн бетінде қуат деңгейі M4.4 болатын жарқыл тіркелген.
Жарқыл нәтижесінде плазмалық эмиссия пайда болғанымен, ол Жерге тура бағытталмаған – шамамен 45 градус бұрышпен өткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алғашында бұл құбылыстың планетаға айтарлықтай қауіп төндірмейтіні айтылған еді.
Алайда кейінгі жаңартылған деректерге сәйкес, Жерге жоғары жылдамдықтағы плазмалық бұлттың өзегі соғуы мүмкін. Бұл магнит өрісіне күшті әсер етеді. Ғалымдардың болжауынша, плазма 8 тамыз күні Мәскеу уақытымен таңғы 7-де (Астана уақытымен 9:00-де) Жерге жетеді.
Геомагниттік белсенділіктің Кр индексі 6-ға дейін көтерілуі мүмкін. Бұл – орташа деңгейдегі дауыл болып саналса да, энергетикалық жүйелер мен ғарыштық аппараттардың жұмысына, сондай-ақ радиотолқындардың таралуына кері әсерін тигізуі ықтимал.
Мұндай магниттік дауылдар кезінде полярлық шұғыла 50–60 градус ендікке дейін байқалуы мүмкін.
Геомагниттік жағдай жұмаға қараған түні нашарлай түспек. Өйткені Жер Күннің үлкен тәждік тесік аймағына енеді.
Ғалымдар Күндегі жағдайды күрделі деп бағалап отыр. Мәселен, 6 тамыз күні ғана Күн бетінде 18 жарқыл тіркелген. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Күн–Жер физикасы институты мен Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасы хабарлады.
Бұл туралы Ресейдің Қолданбалы геофизика институты (ИПГ ФМБУ) мәлімдеді . Қазіргі уақытта Жердің магнит өрісі ...
Бұл туралы Солнечная астрономия лабораториясы (ИКИ РАН) жариялады. 2025 QD8 астероиды ұзындығы 22 метр болып, ...
БҚО Байтерек ауданы әкімдігіне қатысты ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойын ...