Президент: Елорда заманауи урбанистиканың үлгісі болуы керек
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі ме ...
Елорда тұрғындарын жаппай электр жарығын өшіру күтіп тұр. "Астана-РЭК" компаниясы қаланың екі бірдей ауданында – Байқоңыр мен Сарыарқа аудандарында жарық уақытша ажыратылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz тілшісі.
Жарықсыз қалу мерзімі орналасқан аумаққа байланысты әртүрлі – 2 күннен 34 күнге дейін созылады. Жөндеу жұмыстары күндізгі уақытта жүргізіледі.
Байқоңыр ауданы
• 24 шілде – 13 тамыз (15 күн), сағат 10:00–17:30 аралығы: Оңдiрiс, Сарыжайлау көшелері, 36, 34 үйлер, Теректы тұйығы, Ақбидай, Бейнеу, Сүгір Алыұлы көшелері, Гүлзар тұйығы.
• 28 шілде – 13 тамыз (13 күн), сағат 10:00–17:30: Ақсу-Жабағылы және Көкше Кеменгерұлы көшелері.
• 28 шілде – 13 тамыз, күніне екі қысқа уақыт аралығы – сағат 9:30–10:00 және 17:00–17:30: Мусоргский, Киелысай, Бестау тұйығы, Шортанды, Аршалы тұйығы, Ынтымақ көшелері.
• 8 – 29 тамыз (16 күн), сағат 10:00–17:30: Крылов және Теңіз тұйық көшелері, Жетісай, Сусамыр көшелері.
Сарыарқа ауданы
• 15 шілде – 29 тамыз (34 күн), сағат 9:30–18:00: Абат-Байтақ, Оғыланды, Өкжетпес, Күләш Байсейтова, Шара Бейсекова, Нұрмұхамбет Қожахметов, Сұлтанбек Қажахметов, Мұса Жәлел көшелері, Жарсуат тұйығы, Шақпақ, Фахд бен Абдул Азиз, Ақан сері, Гагарин, Дулатов көшелері.
• 4 – 29 тамыз (20 күн), сағат 9:30–18:00: Юбилейная, Медеу, Аспара, Катонқарағай, Тобыл, Чехов, Орда көшелері.
• 7 – 13 тамыз (5 күн), сағат 9:30–17:30: Қызылсу, Суворов, Дулатов көшелері.
• 7 – 8 тамыз (2 күн), сағат 9:00–17:00: Молдағұлова және Найзақара көшелері.
Тұрғындарға жарық сөнуіне алдын ала дайындалу ұсынылады: гаджеттерді толығымен қуаттап қою, электр құралдарын қосулы күйде қалдырмау және қажет болған жағдайда жылжымалы жарық көздерін (шам, пауэрбанк және т.б.) дайындап қою.
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі ме ...
Биылғы он бір айда Астанада жол-көлік оқиғасынан 675 бала зардап шеккен, 5 бала қаза болған. Мемлекет басшысы елор ...
БАӘ астанасында The Games of the Future Abu Dhabi 2025 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Алты күнге созылған ...