• 02-05-2026

Қазақты танығың келсе...

Әйгілі ғалым Зейнолла Қабдолов « Бальзакты оқымай француз тұрмысын, Толстойды оқымай орыс өмірін, Абайды оқымай қазақ тіршілігін білем деу ағат» деген еді.

Расымен, қандай да бір көркем шы­ғарма оқырманға беймәлім өмірді танытады. Таныта тұра, адамды тәр­биелейді. Оған Ка­ме­рун жазушысы Бен­жамен Матип­тің мына бір сөзі айқын дәлел: «Мен қазақ­тар туралы еш нәрсе естіп-білген емес едім. Ал қазір мен оларды білемін, тіп­ті, өте жақсы білемін, өйткені жуырда ағылшын тілінде Мұхтар Әуезовтің кере­мет кітабын оқыдым. Мен тамаша тағдыр иесі, қазақ халқының ақыны Абаймен таныс­­­тым. Бейне ұзақ жылдар бірге тұрып, қай­­ғы-қуанышын бірге бөліскен адамдай жақ­сы көрдім. Солармен бірге тіпті дарқан дала­ның тұнық ауасымен тыныстаған секілді­мін. Шынында да, қазақ дегеніңіз ғаламат сұлу халық екен ғой».