«Атырау» футбол клубы екі легионермен келісімшартты ұзартпады
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Атырауда жаздың аптап ыстығында тұрғындар жағажайға сыймай жатыр. Мамыр айының ортасынан бері қала халқы суға шомылу маусымының ашылуын күткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Биыл өзенде тасқын да, қатты ағыс та болмағанымен, ТЖД мен әкімдік арнайы жабдықталмаған жағажайларда шомылуға қатаң тыйым салды. Облыс бойынша 46 жағажай орны бар болса, олардың тек біреуі ғана талапқа сай ашылған.
Қалғандары жабық күйінде қалды. Құтқарушылардың айтуынша, бұл — салалық министрлік бұйрығына сәйкес шара. Жалғыз ашылған орталық жағажайда адам қарасы тым көп. Тұрғындар орынның аздығына шағымдануда. Көпшілік суға түсу үшін ұзақ кезекте тұруға немесе бір-бірінің үстіне шығып шомылуға мәжбүр.
Жағажай тапшылығына байланысты қаладағы аквапарктерге сұраныс артқан еді. Алайда шілде айында бір аквапаркта хлор мөлшерінің артуынан 14 бала дәрігер көмегіне жүгініп, үшеуі ауруханаға түсті. Осы оқиғадан кейін аквапарк директоры үй қамағына алынды.
Бұл жағдай атыраулықтар арасында жағажай инфрақұрылымын дамыту мәселесін қайта көтеріп отыр. Халық биліктен шомылу орындарының санын арттыруды және қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етуде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Atyrau vibe (@atyrauvibe)
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Президент тиісті Жарлыққа қол қойды. Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағы ресми түрде берілді. Бұл туралы М ...
Атырауда желдің күшеюі мен ауа райының нашарлауына байланысты барлық мектептер қашықтан оқыту форматына өтті, ...