Интернет мәселесін түбегейлі шешу
Ауыл-аймақтардағы интернет мәселесі түбегейлі шешілу керек . Үкімет отырысында Олжас Бектенов әкімдерге осын ...
Қылмысты ұйымдастырушы 2 азамат – Павлодар облысының тұрғындары.
Ақмола облысының CyberPol бөлінісінің қызметкерлері Болгария азаматын 102 миллион теңгеге алдаған қылмыстық топтың мүшелерін ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Шетелдік азамат мамыр-маусым айларында интернет-алаяқтардың құрбанына айналған.
Қаскөйлер өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, жәбірленушіні ірі көлемдегі ақшаны бөгде адамдардың шотына аударуға көндірген.
Түскен арыз бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғап, цифрлық технологияларды пайдалана отырып, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар 4 адам анықталды. Ұсталғандар Павлодар қаласында өткен "Контрафакт" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында қолға түсті.
Алдын ала мәлімет бойынша күдіктілердің Көкшетау қаласы мен Қорғалжын ауданында болған екі ұқсас алаяқтық фактісіне де қатысы болуы мүмкін. Қазір басқа жәбірленушілерді де анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Тінту барысында ұялы телефондар мен қаражаттың бір бөлігі тәркіленді.
Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ауыл-аймақтардағы интернет мәселесі түбегейлі шешілу керек . Үкімет отырысында Олжас Бектенов әкімдерге осын ...
Елде интернет пен ұялы байланыс нашарлады. «Актив» желісін қолданушылар осылай деп, ешкімге хабарласа алма ...
Оралда полицейлер зейнеткерді алаяқтардың қақпанына түсіп қалудан құтқарып қалды, деп жазады inbusiness.kz сай ...