Жас футболшылар тарихи нәтиже тіркеді
Қазақ жастары, нақтырақ айтқанда, 17 және 19 жасқа дейінгі ұлттық құрамамыз футболдан алғаш рет Еуропа чемп ...
ПСЖ футболшылары биыл рекорд жаңартты – француз клубының 9 ойыншысы Топ-30 қатарына енген.
France Football журналы 2025 жылдың 22 қыркүйегінде табысталатын әлемнің ең беделді жекелеген марапаттарының бірі – "Алтын допқа" (Ballon d’Or) үміткер 30 ойыншының тізімін жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл көрсеткіш 2018 жылы "Реал Мадрид" орнатқан рекордпен тең. Осылайша, ПСЖ Франция футболының тарихына жаңа белес қосты.
Сонымен қатар, тізімде:
– "Барселонадан" – 4 ойыншы,
– "Реал Мадридтен" – 3,
– "Ливерпульден" де – 3 ойыншы бар.
Қызығы, бұл жолы тізімде бұған дейін "Алтын доп" жеңіп алған бірде-бір ойыншы жоқ. Яғни, 2024 жылдағыдай тағы да дебютант жеңімпаз атануы мүмкін.
Үміткерлер тізімі:
Джуд Беллингем – "Реал Мадрид" (Испания)
Усман Дембеле – ПСЖ (Франция)
Джанлуиджи Доннарумма – ПСЖ (Франция)
Дезире Дуэ – ПСЖ (Франция)
Дензел Дюмфрис – "Интер" (Италия)
Серу Гирасси – "Боруссия Дортмунд" (Германия)
Виктор Дьёкереш – "Спортинг" / "Арсенал" (Португалия / Англия)
Эрлинг Холанд – "Манчестер Сити" (Англия)
Ашраф Хакими – ПСЖ (Франция)
Харри Кейн – "Бавария" (Германия)
Хвича Кварацхелия – "Наполи" / ПСЖ (Италия / Франция)
Роберт Левандовски – "Барселона" (Испания)
Алексис Макаллистер – "Ливерпуль" (Англия)
Лаутаро Мартинес – "Интер" (Италия)
Килиан Мбаппе – "Реал Мадрид" (Испания)
Скотт Мактоминей – "Наполи" (Италия)
Нуну Мендеш – ПСЖ (Франция)
Жоау Невеш – ПСЖ (Франция)
Майкл Олисе – "Бавария" (Германия)
Коул Палмер – "Челси" (Англия)
Педри – "Барселона" (Испания)
Рафинья – "Барселона" (Испания)
Деклан Райс – "Арсенал" (Англия)
Фабиан Руис – ПСЖ (Франция)
Мохаммед Салах – "Ливерпуль" (Англия)
Вирджил ван Дейк – "Ливерпуль" (Англия)
Винисиус Жуниор – "Реал Мадрид" (Испания)
Витинья – ПСЖ (Франция)
Флориан Вирц – "Байер Леверкузен" / "Ливерпуль" (Германия / Англия)
Ламин Ямаль – "Барселона" (Испания)
Марапаттау рәсімі 22 қыркүйек күні Париждегі әйгілі "Шатле" театрында өтеді. Жеңімпазды таңдау процесіне FIFA рейтингі бойынша алғашқы 100 елдің әрқайсысынан бір журналист қатысады. Олар өз дауысын беріп, жылдың үздігін анықтайды.