Өзбекстан суды үнемдеуді күшейтеді
Өзбекстанның ирригациялық жүйелерінде жыл сайын шамамен 8 млрд текше метр су ысырап болады. Кей бөлігі еш кә ...
Шығыс Қазақстанда жол-көлік апаты ең жиі тіркелетін Өскемен-Риддер республикалық тасжолын жөндеу жұмыстары биыл аяқталады.
11 елді мекенді облыс орталығымен байланыстыратын жолдың 30 шақырымы былтыр жөнделген еді. Қазір қалған 75 шақырымында құрылыс жалғасуда. Ойлы-қырлы жолдың бетін тегістеуге ерекше мән берілген. Тасжолды жаңартуға 100 адам, 60 техника жұмылдырылды. Ең бастысы облыс басшылығының тапсырмасымен, бұл таулы жолдың сапасына берілетін кепілдік мерзімі 2 жыл емес,үш жылға ұзартылды.
Александр Андрейчук, мердігер компания өкілі:
- Негізінен бұл жақтағы жер бедері өте қиын. Таулы аймақ болған соң иірімдері көп. Оны ары-бері жүріп жүрген көлік жүргізушілері жақсы біледі. Суық ресайклеу әдісі арқылы осы қолайсыздықты жойып, неғұрлым жайлы жол істеуге тырысып жатырмыз.
Алмас Хасенов , «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ ШҚО филиалы директорының орынбасары:
- Жұмыс құрылыс маусымы басталған кезде нақты айтсақ, сәуір айынан басталды. 2025 жылдың қазан айында толық аяқталып, қараша айында пайдалануға беру жоспарланған.
Өзбекстанның ирригациялық жүйелерінде жыл сайын шамамен 8 млрд текше метр су ысырап болады. Кей бөлігі еш кә ...
Қарағанды облысында қолайсыз күн райына байланысты бірнеше жолда шектеу енгізілді. Өңірден Астанаға, Топар а ...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Коде ...