2026 жылғы Олимпиадаға дайындыққа 13 млрд теңге бөлінді - министр
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Бүгін боччадан республикалық турнирдің жеңімпаздары марапатталды. Парламент Сенатының Төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев спортшыларды құттықтады. Турнир бұл спорттың негізін қалаған Сұлтанбек Орынбасаровты еске алуға арналды. Мәулен Әшімбаев оның еңбегіне айрықша тоқталды. Өзінің аз ғана ғұмырында ерекше балаларға зор мүмкіндік сыйлап, жас буынды спортқа баулығанын атап өтті.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, қазақстан бочча федерациясының президенті:
Бочча тек параспорт ғана емес, қоғамда дұрыс құндылықтарды қалыптастырудың тетігі. Сондықтан біз осы бочча арқылы қоғамымызды дамытуға, инклюзивті үрдістерді күшейтуге жұмыс істеп жатырмыз. Осы үлкен қозғалысты Қазақстанда Сұлтанбек бауырымыз бастаған. Бүгінде бүкіл қазақстанда дамып жатыр.
Республикалық турнир 5 күнге созылды. Еліміздің 14 өңірінен 130 спортшы жұптық және командалық жарыста бақ сынаған. Биыл қатысушылар саны былтырғымен салыстырғанда 2 есе көп.
Балжан Бейсебаева, жүлдегер:
Бұл турнирге бірінші рет қатысып тұрмын. Бірінші рет қатыссақ та 2-3 орындарды алдық. Келешекте чемпионатқа қатысуға мақсат қойдық.
Ақниет Балтанова
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Қытайдың Шэньчжэн қаласында теннистен «World Tennis Continental Cup» турнирі басталды. Бұл жарыста Әлем құрамасы Еур ...