Рыбакина WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Токиода (Жапония) өтіп жатқан WTA 500 турнирін ...
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда WTA рейтингісінде 70-орында тұрған мексикалық Рената Сарасуаның мысын басты.
Рыбакина матчты сәтсіз бастап, алғашқы партияны беріп қойды – 4:6.
Бұдан кейін камбэк жасаған қазақстандық спортшы ойынды өз пайдасына шеше білді – 6:0, 7:5.
Екі сағат 22 минутқа созылған тартысты бәсекеде Рыбакина 14 эйспен бірге 16 брейк-пойнттың тек төртеуін пайдаланды. Сарасуа 3 эйс, 1 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.
Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 22-ракеткасы, бельгиялық Элисе Мертенспен таласады. Ол рейтингіде 211-сатыдағы америкалық, 19 жастағы Клерви Нгунуды камбэкпен ұтты — 3:6, 7:6 (7:3), 7:5. Бұл матч 2 сағат 38 минутта бітті.
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге алғашқы айналымда чехиялық Барбора Крейчикова – латвиялық Елена Остапенкодан өте алмады – 6:4, 2:6, 8:10.
Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсекеде Данилина – Крунич 3 эйспен, 2 брейкпен (3 брейк-пойнт) көзге түсті.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Токиода (Жапония) өтіп жатқан WTA 500 турнирін ...
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Цинциннатида (АҚШ) өтіп жатқан WTA 1000 сери ...
Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемдік рейтингте 85-орында тұрған 18 жастағы канадалық Виктория Мбоком ...