ЕО көшбасшылары мен Зеленский Трамппен кездесуінің алдында сөйлесті
Кездесу бейнебайланыс арқылы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап. Онлайн форматта ...
АҚШ Сауда министрі Говард Лютник Гарвард университетін америкалық салық төлеушілер алдындағы міндеттерін және патент заңын бұзды деп айыптады, деп хабарлайды inbusiness .kz сайты DW басылымына сілтеме жасап.
Дональд Трамп әкімшілігі 5 қыркүйекке дейін жағдайды түзетпесе, университеттің жүздеген миллион доллар тұратын патенттерін тартып алатынын ескертті.
Министрдің айтуынша, Гарвардтың Бэя-Доуль федералдық патент заңын сақтауына шұғыл тексеру басталды. Талаптардың қатарында – өнертабыстар туралы деректерді дер кезінде жариялау, өндірісті АҚШ-та орналастыруға басымдық беру және ғылыми әзірлемелерді қолданбалы ету шараларын күшейту бар. Сондай-ақ университет 5 қыркүйекке дейін федералдық қаржыландырумен алынған барлық патенттердің тізімін және олардың қолданылуы туралы мәліметті ұсынуы тиіс.
Гарвард өкілі бұл талаптарды университеттің құқықтары мен бостандықтарына қарсы "бұрын-соңды болмаған әрекет" деп атады және заңды толық сақтап отырғанын мәлімдеді.
Бэя-Доуль заңы 1980 жылы қабылданған, ол федералдық қаржыға жасалған өнертабыстардың құқықтарын мердігерлерге (университеттер, шағын компаниялар, т.б.) беруге мүмкіндік береді.
Трамп пен Гарвард арасындағы дау биыл көктемде өршіді – әкімшілік университетке антисемитизммен күреспейді деп айып тағып, 2 млрд доллардан астам қаржыландыруды тоқтатты, шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салмақ болды. Университет бұл өзгерістерге келіспей, сотқа жүгінді. Кейін президент Клодин Гэй айыптаулардан кейін отставкаға кетті.
Кездесу бейнебайланыс арқылы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап. Онлайн форматта ...
Михаэла Бентхаус Еуропалық ғарыш агенттігінде аэроғарыш және мехатроника жүйелері бойынша инженер болып жұмыс істейді, ...
Қазақ елінің тәуелсіздігіне — 34 жыл. Тар жол, тайғақ кешу кезеңінен өтіп егемендігін алған мемлекет қазір ...