Ресейліктерге Германияға бармауға кеңес берілді
Елдің Сыртқы істер министрлігі осындай үндеу жасады. Ресейдің Сыртқы істер министрлігі ресейліктерге Германияға ба ...
Руслан Берденовті ату ісіндегі күдікті Ернар Жиембайдың әкесі Жиембай Пралиев қоғамға үндеу жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Руслан Берденовке оқ атты деген күдікпен қамауда отырған Ернар Жиембайдың әкесі Жиембай Пралиев әлеуметтік желі арқылы мәлімдеме жасады. Ол өз үндеуінде істің мән-жайына қатысты кей деректердің бұрмаланып жатқанын айтты.
Пралиев ұлының әрекетін ақтамайтынын, бірақ әділ жаза күтетініне үмітті екенін жеткізді. Оның сөзінше, кей жарияланымдар оқиғаны «5 оқ жарақаты» деп сипаттайды, алайда тергеу материалдары бойынша жәбірленушіден 3 бытыра ғана табылған. Ол сонымен қатар жәбірленушінің жарақаты айтылғаннан жеңілірек болуы мүмкін екенін, өйткені ол сот отырыстары алдында Шымкент әкімдігіне барғанын және еркін қозғалғанын атап өтті.
Пралиевтің айтуынша, ұлы оқ атқанда жәбірленушіге тікелей тигізбеген, оқ рикошетпен өткен. Ол «5 рет тікелей атқан адамнан тірі қалу тек фантастикада болады» деп мәлімдеді. Сондай-ақ, жәбірленушінің алғашқы және кейінгі жауабында қайшылықтар бар екенін, қаруды басына тақап атуға оқталды деген мәлімет сараптама қорытындысымен расталмағанын айтты.
«Ешкімнің біздің жағдайымызға түсуін тілемейміз. Ұлымызға әділ жаза күтеміз», – деді Жиембай Пралиев.
Елдің Сыртқы істер министрлігі осындай үндеу жасады. Ресейдің Сыртқы істер министрлігі ресейліктерге Германияға ба ...
АҚШ-та бұрын университетте жұмыс істеген жас жігіт Президент Дональд Трампқа қоқан-лоққы көрсеткені үшін ұсталды ...
Күдіктіге 2008 жылдың 15 мамырында есірткі қылмысымен айналысқаны үшін халықаралық іздеу жарияланған. Жетісу ...