Песков: Путин пен Трамп жақын арада тағы да сөйлеседі
Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Ресей Федерациясы мен АҚШ президенттері ...
Хат мәтінінде Украина тарапынан мүмкіндігінше тезірек келіссөздерге дайын екендігі айтылған.
Бұл туралы АҚШ президенті Конгресс алдында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Бүгін мен Зеленскийден маңызды хат алдым. Украина ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол жеткізу үшін мүмкіндігінше тезірек келіссөздерге отыруға дайын, – деді ол.
Украинадағы қақтығысқа тоқталған Дональд Трамп "Бұл ақылсыздықты тоқтататын уақыт келді, екі тараппен де диалог жүргізетін кез жетті" деп мәлімдеген.
Сондай-ақ, ол Украинадағы қақтығысты аяқтау үшін үздіксіз жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
Ең маңыздысы, АҚШ президенті Конгресс алдындағы сөзінде Ресей тарапынан Украина мәселесіне қатысты бейбіт келіссөздерге дайын екені туралы "күшті сигналдар" алғандығына да тоқталды.
Оның сөзінше, қақтығысты тоқтату үшін барлық тараппен диалог жүргізу маңызды.
– Бұл ақылсыздықты тоқтататын уақыт келді, – деп тағы қайталап өтті Трамп.
Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Ресей Федерациясы мен АҚШ президенттері ...
Кездесу бейнебайланыс арқылы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап. Онлайн форматта ...
Берлиндегі келіссөздерден кейін Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен «Украинасыз Украинаға қатысты сұрақ ...