Қазақстандық студент Қытайда өткен BRICS чемпионатында қола медаль иегері атанды
Аталған халықаралық чемпионатқа Қытай, Ресей, Үндістан секілді 9 елден барлығы 137 команда қатысқан. Қытай Ха ...
Бұл туралы мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жазды .
Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне "ұлттық" мәртебесі берілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Президент жарлығымен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне "ұлттық" мәртебе берілді. Бұл – әділетті әрі тарихи шешім. Себебі 1991 жылға дейін Қазақстанда тек екі ғана университет деңгейіндегі жоғары оқу орны болды: ҚазМУ және КарМУ (қазіргі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті). Бұл факт КарМУ-дың сол кездегі де, бүгінгі де деңгейі мен әлеуетін айқын көрсетеді", – деп жазды Аймағамбетов.
Жаңа мәртебе – бұл университеттің жетістіктерін мойындау ғана емес, сонымен қатар ғылым, білім және кәсіби даму үшін жаңа мүмкіндіктердің бастауы.
"Бұл бюджеттен бөлінетін қаржының артуына тікелей әсер етеді, демек профессор-оқытушылар құрамының еңбекақысының өсуі және университетіміздің материалдық-техникалық базасының дамуы деген сөз", – дейді депутат.
Айта кетейік, университетте 13 факультет пен 48 кафедра бар. 13 мыңға жуық студент білім алып жатыр.
Аталған халықаралық чемпионатқа Қытай, Ресей, Үндістан секілді 9 елден барлығы 137 команда қатысқан. Қытай Ха ...
Алматының Азаматтық авиация академиясында Студенттер үйі – 482 орындық заманауи ғимарат ашылды Бұл туралы ...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған Жолдауында Ал ...