"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылғы 13–15 тамыз аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz. Үш ірі қала – Астана, Алматы және Шымкенттегі жағдайға жеке тоқталды.
Астана
13 тамыз: ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Таңертең тұман. Желдің екпіні 18 м/с дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +24…+26°C.
14 тамыз: ауыспалы бұлтты, кей жерлерде жаңбыр, найзағай. Жел – 15–20 м/с. Түнде +13…+15°C, күндіз +20…+22°C.
15 тамыз: ауыспалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, екпінді жел. Түнде және таңертең тұман. Жел 18 м/с дейін күшейеді. Түнде +12…+14°C, күндіз +19…+21°C.
Алматы
13 тамыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Әлсіз жел. Түнде +21…+23°C, күндіз аптап ыстық +34…+36°C.
14 тамыз: ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр және найзағай болуы мүмкін. Түнде +21…+23°C, күндіз +34…+36°C.
15 тамыз: ауыспалы бұлтты, жаңбыр, найзағай. Түнде +18…+20°C, күндіз +31…+33°C.
Шымкент
13 тамыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – 8–13 м/с. Түнде +20…+22°C, күндіз +35…+37°C.
14 тамыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – 13 м/с. Түнде +19…+21°C, күндіз +34…+36°C.
15 тамыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – 13 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +31…+33°C.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда солтүстік-батыс циклоны салдарынан найзағайлы жаңбыр жауатынын хабарлаған еді.
TOP
-
Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
30.12 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-