Биыл рақымшылық жасау заңы аясында 338 адам жазадан босатылды
Жоғарғы СотТөрағасы Асламбек Мерғалиев 2025 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған жоғары сот орга ...
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша сот отырысында бейнежазбалар мен заттай айғақтар ұсынылды, деп хабарлайды Skifnews .kz ақпарат порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.
Сот залындағы экраннан қылмыс орнында түсірілген бейнежазба көрсетілді. Онда тәркіленген айғақтар, соның ішінде күдіктінің автокөлігіндегі заттар бейнеленген. Дәлелдер қатарында: ұялы телефон, «Сайга» қаруының қаптамасы, кобура және оптикалық көздеуіш бар.
Сондай-ақ сотта әкімдік бейнебақылау камераларына жазылған Жиембайды ұстау сәті көрсетілді. Кадрларда күдіктінің жаяу жүргіншілер өткелі маңында ұсталғаны көрінеді. Ол қарусыз болған, жерге жатқызылған. Ұстау операциясына полиция қызметкерлері және Руслан Берденовтің әріптестері қатысқан.
Жазбаның басқа бөліктерінде Руслан Берденовтің әкімдік ғимаратынан шығып келе жатқан сәті бейнеленген. Ол баспалдақпен түсіп, көлігіне қарай бет алады. Дәл осы кезде оған Ернар Жиембай жедел жақындайды. Берденов шегінуге тырысқанымен, бірнеше секундтан кейін Жиембайдың қасына бір көлік келіп тоқтап, ішінен жүргізуші шығады. Осы сәтте Жиембай жерге құлайды.
Жоғарғы СотТөрағасы Асламбек Мерғалиев 2025 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған жоғары сот орга ...
№45 мекеменің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс жабық режимде өтті. Істің жай-жапсары ашық айтылмайды, деп хаба ...
Алматыда заңсыз салынған екі қабатты ғимарат сүріліп жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Қала құр ...