Алматыда жаңа жылдық отшашуды қайдан тамашалауға болады?
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Әлеуметтік желіде алматылық жүргізушінің көлігімен Есентай өзенінде жүрген сәті түсірілген видео тарады.
Куәгерлердің айтуынша, ол көлігін су арнасына айдап кіріп, төбесіне заңсыз орнатылған шамды қосып жүрген. Сондай-ақ автокөлікте мемлекеттік нөмір болмаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алматы полиция департаменті бұл әрекетті бірден бірнеше заң бұзушылыққа жатқызды: рұқсат етілмеген жарық құралын пайдалану, мемлекеттік нөмірсіз жүру және су арнасына көлікпен кіру.
– Қауіпсіздікке қатер төндіретін мұндай құқықбұзушылықтарға жол берілмейді. Жүргізуші барлық анықталған дерек бойынша жауап береді. Полиция тұрғындарды заң мен жол жүру ережелерін сақтауға шақырады, – деді қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.
Қазіргі таңда оқиға бойынша тексеру жүргізілуде.
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Қазақстанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты маңызды жол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін шектеу енгіз ...
Тауда жоғалған үш адамның бірі қаза болды. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақта іздестіру ...