Жас футболшылар тарихи нәтиже тіркеді
Қазақ жастары, нақтырақ айтқанда, 17 және 19 жасқа дейінгі ұлттық құрамамыз футболдан алғаш рет Еуропа чемп ...
2026 жылғы Азия ойындары Жапонияда өтеді.
Азия Олимпиадалық кеңесі Азия ойындарының қатысушы елдерін аралас жекпе-жектің (ММА) жарыс бағдарламасына енгізілгені туралы ресми түрде хабардар етті. Аичи-Нагоя 2026 ойындарының бағдарламасы аясында ерлер мен әйелдер арасында келесі санаттар бойынша жарыстар өтеді:
Ерлер:
Заманауи стиль – 60 және 71 келі
Дәстүрлі стиль – 65 және 77 келі
Әйелдер:
Заманауи стиль – 54 келі
Дәстүрлі стиль – 60 келі
ММА жарыстары ерлер мен әйелдер арасында заманауи және дәстүрлі стильдер бойынша өтеді. Стильдерге бөліну турнирге ерекше сән қосып, әртүрлі жекпе-жек мектептерінен шыққан спортшыларға өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Бұл ММА-ның Азияда және әлемде дамуы үшін маңызды оқиға. Себебі бұл спорт түрі алғаш рет осындай ірі көпсалалы турнирде ұсынылмақ. Азия ойындары дәстүрлі түрде жаңа спорт түрлерін Олимпиада ойындарына енгізу мүмкіндігін сынайтын сынақ алаңы десек те болады. 2026 жылғы турнир сәтті өтсе, аралас жекпе-жектің олимпиадалық спорт түрі ретінде мойындалуы мүмкін.
Қазақ жастары, нақтырақ айтқанда, 17 және 19 жасқа дейінгі ұлттық құрамамыз футболдан алғаш рет Еуропа чемп ...
Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Бауыржан Хасенов Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ы ...
Елордада Қазақстан мен Бельгия құрамалары арасында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчы өті ...