• 02-05-2026

Тоқаев Қорғаныс министрлігінде бірқатар тағайындау жүргізді

Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінде бірқатар тағайындау жүргізді, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

  • Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
  • Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев алғашқы АЭС-тің атауы үшін халық арасында байқау жариялауды ұсынды