Қарағанды облысында жолдар жабылды
Қарағанды облысында қолайсыз күн райына байланысты бірнеше жолда шектеу енгізілді. Өңірден Астанаға, Топар а ...
Қарағанды қаласында патрульдік полиция полкі қызметкерлері автокөлік ұрлығына күдіктіні жедел ұстап, құқық бұзушылықтың алдын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 тамыз күні таңертең «102» желісіне Н. Әбдіров көшесіндегі үй ауласынан Toyota Carina маркалы автокөліктің ұрланғаны туралы хабар түсті. Қылмысты дер кезінде ашу мақсатында ақпарат дереу қаладағы барлық патрульдік экипаждарға жеткізілді.
Көп ұзамай іздестіріліп жатқан көлік Ерубаев көшесіндегі жанармай құю бекетінде екені анықталды. Полицейлерді көрген жүргізуші оқиға орнынан қашқан. Полиция қызметкерлері сол маңға жақын жерде жүрген қосымша нарядтарды жұмылдырып, қосымша күш пен кәсіби іс-қимылдардың арқасында көлік бөгеліп, күдікті ұсталды.
Көліктің басқаруында 26 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабы («Көлік құралын ұрлау») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қарағанды облысы
Қарағанды облысында қолайсыз күн райына байланысты бірнеше жолда шектеу енгізілді. Өңірден Астанаға, Топар а ...
Қарағандының «Шахтёр» футбол клубын Freedom Holding Corp. тобына кіретін, кәсіпкер Тимур Турловқа тиесілі компания с ...
Қарағандылық ажырасқан ерлі-зайыптылардың 4 жасар ұлы қалған. Бұған дейін сот баланы анасымен қалдырып, әкес ...