Президент: Елорда заманауи урбанистиканың үлгісі болуы керек
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі ме ...
Елордада Тәжікстан Республикасының Соғды облысынан әкелінген ауылшаруашылық өнімдері мен қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тәжікстаннан келген кәсіпкерлер 1 мың тоннадан астам ауылшаруашылық өнімдерін сатылымға ұсынды.
Оның ішінде жаңа піскен жеміс-жидек пен көкөністер, кептірілген жемістер, жаңғақтар және бақша дақылдары бар.
Келушілер ғасырлар бойғы дәстүрді сақтаған тәжік қолөнерінің бірегей бұйымдарын сатып ала алады.
Жәрмеңкеде ұлттық тағамдар да сатуға ұсынылған. Күн сайын 10 қазанда кемінде 1 тонна палау дайындалып, 6 тандырда 5 мыңнан астам нан мен самса пісіріледі.
Сонымен қатар, ұйымдастырушылар Тәжікстаннан келген әртістер мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен ерекше концерттік бағдарлама әзірледі.
Іс-шараның басты мақсаты – шағын және орта бизнестегі мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыту мен қолдау, сондай-ақ екі ел арасындағы мәдени және экономикалық байланысты нығайту.
– Бұл – тек базар емес, нағыз мәдени оқиға. Мұндағы атмосфера сондай ерекше, шынымен де шығыс базарында жүргендей әсер қалдырады. Біз мұнда тек өнімдер мен кәдесыйлар алып қана қоймай, тәжік мәдениетінің рухын сезіндік, – деді іс-шара қонақтарының бірі.
Жәрмеңке 16 тамыз күні сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін, ал 17 тамызда 10:00-ден 19:00-ге дейін "Барыс Арена" мұз сарайының алдындағы алаңда (Тұран даңғылы, 57) өтеді.
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі ме ...
Биылғы он бір айда Астанада жол-көлік оқиғасынан 675 бала зардап шеккен, 5 бала қаза болған. Мемлекет басшысы елор ...
БАӘ астанасында The Games of the Future Abu Dhabi 2025 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Алты күнге созылған ...