Қазнетте 23 жастағы фельдшердің Атырауда атып өлтірілгені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Хабарламада бұл оқиғаның төбелес кезінде болғаны айтылған. Атырау облыстық полиция департаменті Zakon.kz сайтына бұл ақпаратты растады.
"Аталған факті бойынша күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК "Адам өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", — деп мәлімдеді ведомство.
Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмеді.
Бұған дейін тағы бір оқиға туралы хабарланған болатын. Жамбыл облысында фельдшер ауруханада оқ жарақатын алған.
TOP
-
Президент Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заңға қол қойды
30.12 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-