• 02-05-2026

Зеленский Вашингтонға ұшып келді

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-қа келгенін мәлімдеді. Ол дүйсенбі, 18 тамыз күні америкалық әріптесі Дональд Трамппен кездеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ол өзінің Telegram-арнасында жазды.

"Вашингтонға келіп жеттім. Ертең АҚШ президентімен кездесу. Сондай-ақ, ертең еуропалық лидерлермен де сөйлесеміз. АҚШ президентіне шақырғаны үшін ризамын", – деп жазды Зеленский.

Ол Украина ұзақ мерзімді бейбітшілікке ұмтылатынын атап өтті.

"Мен Американың және біздің еуропалық достарымыздың ортақ күші Ресейді шынайы бейбітшілікке мәжбүрлейді деп үміттенемін", – деді Зеленский.

Бұған дейін біз Украина президенті Владимир Зеленскийдің АҚШ басшысы Дональд Трамппен 2025 жылғы 18 тамызда Вашингтонда кездесу өткізетінін хабарлаған едік.