• 02-05-2026

Алматы облысында кәсіпкер Есік көліне кіреберісте көліктерден заңсыз төлем алып келген

Алматы облысы әкімдігі Есік көліне кіреберісте туристерден төлемақы алынуына қатысты шағым түсуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, Есік көлі "Хабель" ЖШС-не сенімгерлік басқаруға берілген. Алайда келісімшартқа сәйкес туристерден төлемақы алу қарастырылмаған.

"Басқарушының мұндай әрекеттері оның өкілеттігінен тыс әрі шарт талаптарын бұзады. Көліктерден алынатын төлемақы тек Іле-Алатау ұлттық паркі аумағында заңнамаға сәйкес белгіленген. Облыс әкімдігі "Хабель" ЖШС-не заңсыз төлемақыны тоқтату және орнатылған шлагбаумдарды алып тастау туралы хабарлама жолдады", — делінген хабарламада.

17 тамыздан бастап Есік көліне кіреберістегі шлагбаумдар алынды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз