Арменияға бидай экспорты артады
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...
Ол өз сөзінде полиграф арқылы да жауап беруге дайын екенін жеткізді.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша сот тыңдалымы жалғасып жатыр. Бүгін өткен сот процесіне жәбірленуші Руслан Берденов онлайн режимде қатысты.
Руслан Берденов айыпталушы Ернар Жиембаймен жақын таныс емес екенін айтты.
"Жиембайды бұған дейін үш рет көрдім. Кездесулерде екі рет көргенмін, оқ атқан күні үшінші рет көруім", – деді ол.
Берденов Жиембайды кеңсесіне шақырып, есеп сұраған. Бірақ айыпталушының қолында ешқандай құжаттар болмаған. Жәбірленуші оның киім үлгісіне байланысты ескерту жасағанын атап өтті.
"Этикет сақтамайсыңдар ма? деп бір ескерту жасадым. Себебі, джинсы мен ақ футболкамен келіп тұр. Әкімшілікке, әкімнің орынбасарына есеп беруге келіп тұрсыңдар, киім үлгісіне қарамайсыңдар ма деп ескерту жасадым", – деді ол.
Жәбірленуші екі кездесуде де жанжал болмағанын, куәгерлер барын және әңгімелерді кабинеттердегі техникалық жабдықтар арқылы да растауға болатынын мәлімдеді.
"Бұл сөзімді полиграф арқылы да дәлелдей аламын", – деді Руслан Берденов.
Оқи отырыңыз: "Әйеліме лайк басып, жазған". Берденовке қастандық жасады деген күдікті жанжалдың себебін ашты
Еске салайық, оқиға 21 сәуірде Шымкент әкімдігі ғимаратының жанында болды. Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атқандар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...
Тэгу қаласында Корея Республикасы Климат, энергетика және қоршаған орта министрлігі ұйымдастырған Korea Internationa ...
t.me/aqorda_resmi Мемлекет басшысы Қазақстан мен Эстонияның іскерлік топ өкілдері қатысып жатқан бизнес-форум сауд ...