Португалиялық маман Қазақстан футбол федерациясына жаңа қызметке тағайындалды
ҚФФ Төрешілік және инспекциялау департаментінің директоры қызметіне 52 жастағы португалиялық маман Нуну Алешан ...
Сейсенбі, 11 наурыз күні алты қазақстандық боксшы Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатында бақ сынайды.
Күндізгі сессияда (Қазақстан уақытымен 18:00) 1/8 финал кезеңінде Алуа Балқыбекова, Виктория Графеева және Аида Әбікеева рингке шығады.
50 келі: Алуа Балқыбекова – Ясмин Мутаки (Марокко) – 4-жұп, B рингі
60 келі: Виктория Графеева – София Легаки (Греция) – 7-жұп, A рингі
63 келі: Аида Әбікеева – Шуою Чжао (Қытай) – 12-жұп, B рингі
Кешкі сессияда (22:00) Жайна Шекербекова, Жасмин Кизатова және Гүлсая Ержан өз салмақ дәрежелерінде 1/8 финалда сынға түседі.
54 келі: Жайна Шекербекова – Ариадна Жанет Хиль Алонсо (Мексика) – 3-жұп, A рингі
66 келі: Жасмин Кизатова – Ивануса Перейра (Кабо-Верде) – 5-жұп, B ринг
81 келі: Гүлсая Ержан – Ван Сяомен (Қытай) – 8-жұп, A рингі
Әйелдер арасындағы бокстан 2025 жылғы әлем чемпионаты 8-17 наурыз аралығында Сербияның Ниш қаласында өтуде.
Бастапқыда турнир 2024 жылы Қазақстанның Астана қаласында өткізіледі деп жоспарланған еді, бірақ кейінірек ол 2025 жылға ауыстырылып, өтетін орны өзгертілді.
Қазақстан құрамасы 12 салмақ дәрежесінде өнер көрсетуде. Дегенмен, қазіргі таңда бір боксшымыз жарыс жолын аяқтады. Анита Адишева мексикалық боксшы Эсмеральда Патино Хуареске 2:3 есебімен жеңіліп қалды.
ҚФФ Төрешілік және инспекциялау департаментінің директоры қызметіне 52 жастағы португалиялық маман Нуну Алешан ...
Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай (48 келіге дейін) Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан бокстан әлем ч ...
Қазақстанда спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселесі бұған дейін де талай рет айтылды. Президент Қасым-Жомарт Т ...