Тіл туралы заң: қоғамдық тамақтану орындарына қандай талап қойылады?
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Шекарашылар күніне арналған мерекелік концерт Алматыда ерекше форматта өтті.
Көктөбе төріндегі сахнаға танымал өнер өкілдерімен бірге шекарашылардың өздері де шығып, «Батырлар ұраны», «Шекара вальсі», «Жасыл фуражка» сияқты патриоттық және әскери әндерді орындады. Сондай-ақ Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттері де өнер көрсетті. Мерекелік концертті ардагерлер, қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ шетелдік туристер тамашалады.
Марат Мәжитов, ҰҚК шекара қызметінің ардагері:
- Ел шекарасыз болмайды, оны нақты күзету керек. Бүгін бар, ертең жоқ ел емеспіз. Мәңгілік елміз. Сондықтан біздің елімізді қорғайтын шекарашылар. Шекарашылар күні-түні, жаңбыр демей, қар демей, күн демей, ыстық демей қазір осы біз мереке жасап жатсақ, біздің шекарашылар шекарада жүр.
1992 жылы 18 тамызда Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Шекара әскері құрылған болатын. Содан бері елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін қалт жібермей күзетіп келеді. Мерекелік концерттің соңы тосынсыймен аяқталды. Шекарашылар күніне орай Көктөбе телемұнарасынан ерекше мерекелік жарық шоу көрсетілді. Бейбіт еліміздің шекарасын бекемдеп жүрген сарбаздар қандай құрметке де лайық.
Еркебұлан Мейрамбекұлы, ҰҚК шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің әскери қызметшісі:
- Шекарашылар бұл халықтың қорғаны. Сондықтан шекара қорғау оңай емес. Жалпы шекарада жүрген біздің әрбір күніміз ол батылдық пен ерлікке толы деп білемін.
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Альбина Ержанова, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының тас және қола дәуірі археологиясы бөліміні ...
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...