Апельсин шырынының ағзаға қандай пайдасы бар?
Апельсин шырыны көпшілік үшін жай ғана таңғы аста ішетін сусын болғанымен, жаңа зерттеулер оның ағзаға әсері әлдеқай ...
Apple компаниясы Apple Watch смарт-сағаттарының кейбір үлгілерінде қандағы оттегін өлшеу функциясын қайта іске қосатынын ресми мәлімдеді. Бұл мүмкіндік Watch Series 8, Series 10 және Apple Watch Ultra моделінде қолжетімді болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Енді қандағы оттегінің деңгейін өлшеу және деректерді өңдеу тікелей Apple Watch құрылғысында емес, оған қосылған iPhone арқылы жүзеге асады. Нәтижелерді пайдаланушылар «Денсаулық» қосымшасындағы «Тыныс алу» бөлімінен көре алады. Осылайша функция сағат экранында тікелей көрсетілмейді.
Бұл шектеу АҚШ-тың Халықаралық сауда жөніндегі комиссиясы (ITC) енгізген тыйымға байланысты пайда болған еді. Бұған дейін Masimo компаниясы Apple-ді пульстік оксиметрия технологиясына қатысты патенттерді бұзды деп айыптап, сотқа жүгінген. ITC бұл талапты негізді деп танып, Apple уақытша қандағы оттегін өлшеу функциясын өшірген болатын.
Қазіргі уақытта Apple сот ісін жалғастырып, тыйымды қайта қарауды талап етуде. Компания Masimo-ны да қарсы талаппен айыптап, оның Apple Watch функцияларын өз құрылғыларына көшіруге тырысқанын мәлімдеді.
Жаңартылған функция жаңа iPhone және Apple Watch үлгілеріне бағдарламалық жасақтаманың соңғы нұсқасын орнатқаннан кейін қолжетімді болады.
Апельсин шырыны көпшілік үшін жай ғана таңғы аста ішетін сусын болғанымен, жаңа зерттеулер оның ағзаға әсері әлдеқай ...
Скрининг ретинопатия қаупі бар 6225 баланың 17 пайызында сырқат белгілерін анықтаған. Олардың 399-ына жедел ем жасалды ...
Ақ үй тексеру нәтижелерін жариялады. АҚШ президенті Дональд Трамп қазан айында МРТ-дан өткен болатын. Ақ үй те ...