• 02-05-2026

Руслан Берденов ісі бойынша сот отырысында судья тілін шығарған сәт кадрға ілінді (видео)

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісін қарайтын судья Әбінұр Қарабаевтың әдеттен тыс қылығын журналист видеоға түсіріп алды – оның тілін шығарған сәті кадрға ілінген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеоны журналист Ботагөз Омарова Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

"Менің журналистік тәжірибемде, әрине, түрлі жағдай болды, бірақ судья тілін шығарғаны бірінші рет болып отыр", — деп жазды БАҚ қызметкері.

Оның айтуынша, Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша өткен сот отырысында сотқа төрағалық етуші судья Әбінұр Қарабаев күтпеген жерден оған тілін шығарған.

"Мен, шынымды айтсам, таңғалдым. Сөйтіп осы видеоны сіздерге көрсетуді жөн көрдім. Қарабаевқа не болды? Бұлай істеуіне не себеп болды? Онда бәрі дұрыс па? Білмеймін... Ол үшін алаңдап отырмын", — деді Ботагөз Омарова.

Журналист Тибетте тілді көрсету сәлемдесуді білдіреді деп жазды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз