• 02-05-2026

Степногорскіде анасы 7 айлық сәбиімен жетінші қабаттан құлап қаза тапты

Степногорскіде анасы мен жеті айлық сәбиі жетінші қабаттың терезесінен құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" порталының жазуынша, қайғылы оқиға 2025 жылғы 19 тамызда таңғы шамамен 05:00-де болған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, әйел туыстарының үйінде қонақта болған.

"Ол қолындағы жеті айлық қызымен бірге терезеден құлап кеткен. Анасы мен сәбиі оқиға орнында көз жұмды", — деп жазады басылым.

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, тек Астананың өзінде 2025 жылдың басынан бері балалардың терезеден құлауына қатысты 59 жағдай тіркелген, оның 16-сы қаза тапқан.