ЕО көшбасшылары мен Зеленский Трамппен кездесуінің алдында сөйлесті
Кездесу бейнебайланыс арқылы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап. Онлайн форматта ...
Президент жолдауы аясында коммуналдық саланы, әсіресе инфрақұрылымды дамытуға басымдық беріледі. Себебі елдегі инженерлік желілердің 50%-ның тозығы жеткен. Мәселен қазір Қарағанды облысында «Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» Ұлттық жобасы қолға алынды. Пилоттық жоба ретінде биыл «Қарағанды Жарық» компаниясының 218 шақырым тоқ желілері қайта жөнделуде. Ал Теміртау қаласында 16 шақырым жылу желілері ретке келтірілмек. Бүгін Қарағанды қаласында Ұлттық жобаны жүзеге асыру мәселелері семинар-кеңесте талқыланды. Алдағы 5 жылда жоба республика бойынша жүзеге аспақ.
Тимур Қосымбаев, ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы:
Бүгінде елімізде инфрақұрылымды дамыту басты назарда. Сондықтан Ұлттық жоба қолға алынды. Қазіргі таңда Қарағанды облысында 2 пилоттық жоба іске асуда. Осы арқылы жобаның жүзеге асуын толықтай түсіндіретін боламыз. 2025-2029 жылдар аралығында барлық облыстар бойынша 13 триллион теңгеден аса қаражатты игеру жоспарда тұр.
Жандос Бақытұлы
Кездесу бейнебайланыс арқылы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап. Онлайн форматта ...
Алматыда мегаполистің 2040 жылға дейінгі дамуын айқындайтын негізгі қала құрылысының құжаты — қаланың Бас жоспарын түз ...
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Алматы қаласында әлеу ...