Алматыда жаңа жылдық отшашуды қайдан тамашалауға болады?
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
18 жастағы жігіт Алматы ТЖД құтқару қызметіне хабарласып, өзіне көмек сұраған.
Ол күндіз достарымен бірге тауға шығып, бірақ топтан қалып, адасып қалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"БАУ" бақылау-құтқару пунктінің экипажы қызметтік машинамен Проходное шатқалының тұрағына келіп,3 сағаттай жаяу жүріп өтініш қалдырған жігітті іздеген.
Нәтижесінде адасқан жігіт Терра алаңы маңында табылып, құтқарушылар тау жетегіне дейін сүйемелдеді. Тәжірибесі аз турист түн ішінде қатты тоңған. Бойынан тау ауруы мен бағдарсыздық белгілері білінген. Жас жігіт медициналық көмекке жүгінбеген.
– Тауға шықпас бұрын өз тәжірибеңіз бен физикалық мүмкіндіктеріңізді ескере отырып маршрутты жоспарлау қажеттігін еске салады, – деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Тауда жоғалған үш адамның бірі қаза болды. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақта іздестіру ...
Жаңа интеллектуалды локация «Қолжетімді кітапханалар» бағдарламасы аясында орындалды. Жоба білім беру ортасын цифрлы ...