Ауа райына байланысты төрт облыста республикалық жолдар жабылды
Ақмола мен СҚО-да бірқатар автожолда қозғалыс шектелді. Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты ...
"Қорғас" арнайы экономикалық аймағында инвестордың құқықтары қалпына келтірілді .
Бас прокуратура "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығының арнайы экономикалық аймағындағы қытайлық инвестордың құқықтарын қорғады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, АЭА аумағындағы "Қолөнершілер қаласы"сауда павильонын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру барысында Қытай инвесторы проблемаларға тап болған. Бұл АЭА қатысушыларының тізілімінде тіркеуден бас тартуға және қатысу шартының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты болған.
"Құрылыс материалдарын әкелудің аяқталмаған кедендік рәсіміне және кейіннен инвесторды тізілімнен шығаруға байланысты мемлекеттік кіріс органдары 1,4 миллиард теңгеге кедендік төлемдерді қосымша есептеген", – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: "Шығыстың шырқын ұрылар бұзып тұр" – ІІМ мен Бас прокуратура қосымша тексеру жүргізеді
Бас прокуратураның ұсынысы бойынша инвесторға қатысты шектеулер алынып тасталды, заңсыз есептелген төлемдер жойылды.
"Жіберілген заң үшін кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде компания 7 миллиард теңгеге жобаны іске қосып, оның шеңберінде жаңа жұмыс орындары құрылады", – делінген хабарламада.
Ақмола мен СҚО-да бірқатар автожолда қозғалыс шектелді. Бүгін сағат 08:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты ...
2030 жылға дейін Қазақстанда 1000-ға жуық жолаушылар вагоны жаңартылады 2026 жылы Қазақстанға 91 жаңа жолаушылар в ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...