• 02-05-2026

Қырғыз Республикасына барған Тоқаевты Жапаров өзі күтіп алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысын Манас халықаралық әуежайында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қарсы алды.

Ертең президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің жетінші отырысына қатысады.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен баратынын хабарлаған едік.