• 02-05-2026

Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапарын зиярат етуден бастады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары "Ата бейіт" ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда мәліметіне сүйенсек, мұнда Отанына әр кезеңде қалтқысыз қызмет еткен қырғыз халқының даңқты перзенттері, сталиндік репрессия құрбандары жерленген. Кешенге "Ата бейіт" атауын жазушы Шыңғыс Айтматов ұсынған.

Мемлекет басшысы мемориалдық кешен аумағындағы 1916 жылғы үркіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды.

Айта кетейік, 2025 жылғы 21 тамызда Манас халықаралық әуежайына ұшып келген мемлекет басшысын Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың өзі қарсы алған болатын.