Өзбекстан суды үнемдеуді күшейтеді
Өзбекстанның ирригациялық жүйелерінде жыл сайын шамамен 8 млрд текше метр су ысырап болады. Кей бөлігі еш кә ...
Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе әуежайлары әлемдік деңгейдегі мультимодальды орталықтарға айналады.
Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады. Президент Жолдауындағы тапсырмаларды орындау аясында бұло әуежайлар логистикалық қызметтердің толық спектрін ұсынбақ. Биыл Астанадағы халықаралық әуежайды жаңғырту жобасы басталды. Оған 1,1 млрд доллар инвестиция тартылады. Нәтижесінде екінші ұшу-қону жолағын, сондай-ақ үшінші жолаушылар және жүк терминалын салу көзделген. Алматы әуежайы 2050 жылға дейінгі дамудың бас жоспары бойынша жаңғыртылмақ. Бүгінде бірінші кезең басталып кетті. Шымкентте жаңа жолаушылар терминалы былтыр ашылды. Енді әуежай жылына 6 млн жолаушыға дейін өткізе алады. Ал Ақтөбеде биыл көпфункционалды логистикалық хабтың құрылысы басталды. Онда заманауи қоймалар, қауіпті және тез бұзылатын жүктер үшін тоңазытқыш камералар мен бағалы тауарларға арналған секциялар болады.
Өзбекстанның ирригациялық жүйелерінде жыл сайын шамамен 8 млрд текше метр су ысырап болады. Кей бөлігі еш кә ...
Қарағанды облысында қолайсыз күн райына байланысты бірнеше жолда шектеу енгізілді. Өңірден Астанаға, Топар а ...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Коде ...