Украина 30 күнге атысты тоқтату туралы ұсынысты қабылдады
АҚШ пен Украина ортақ мәмілеге келді . Киев Вашингтон ұсынған 30 күндік атысты тоқтату туралы ұсыныспен келі ...
USAID жұмысын қайта қарау нәтижесінде агенттік бағдарламаларының 83%-ын жабу туралы шешім қабылданды.
Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио X желісінде хабарлады. Қалған бағдарламалар Мемлекеттік департаменттің басқаруына беріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.
Рубионың сөзінше, Ақ үй агенттіктің 6200 келісімшартынан 5200-ін жою туралы шешім қабылдаған.
Конгресспен сөйлесу арқылы USAID-тің шамамен 1000 бағдарламасы сақталды. Қалған 18%-ы енді АҚШ Мемлекеттік департаментінің басқаруында болмақ.
USAID 1961 жылы АҚШ президенті Джон Кеннеди әкімшілігі кезінде құрылған. Тәуелсіз үкіметтік агенттік әлем бойынша гуманитарлық көмек және даму бағдарламаларын қаржыландырады. Ол жыл сайын кедейлікпен күреске, ауруларды емдеуге, аштық пен табиғи апаттардың зардаптарын жоюға миллиардтаған доллар бөліп келді.
USAID дерегінше, 2022 жылы Ресейдің Украинаға басып кіруінен бастап АҚШ Украинаға 2,6 миллиард доллар гуманитарлық көмек, даму бағдарламалары үшін 5 миллиард доллар және тікелей бюджеттік қолдау ретінде 30 миллиард доллар бағыттаған. Басылымның жазуынша, тиісті көмек босқындарға көмектесуге, шұғыл көмек көрсететін мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын төлеуге жұмсалды.
2024 жылы USAID Украинадағы шабуылдардан бүлінген инфрақұрылымды қалпына келтіру бағдарламасына және мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз етуге 522 миллион доллар бөлді.
АҚШ пен Украина ортақ мәмілеге келді . Киев Вашингтон ұсынған 30 күндік атысты тоқтату туралы ұсыныспен келі ...
Арасы суыған АҚШ пен Украина келіссөздерді жаңарту мақсатында бүгін Сауд Арабиясының Жидда қаласында бас қо ...
Бұл жайлы Х әлеуметтік желісінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио жазды. Ақ үй енді жоятын 5200 келіс ...