• 02-05-2026

Алматының Медеу ауданындағы өрт сөндірілді

Алматының Медеу ауданы"Горный гигант" ықшамауданындағы жеке тұрғын үйде шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт алдын-ала 1000 шаршы метр алаңда сөндірілді.

"Өртті сөндіру хабарламаның кеш жеткеніне байланысты қиындады: өрт сөндірушілер келген кезде өрт әлдеқайда ұлғайған еді. Қосымша қиындықтарды жалынның тез таралуына ықпал еткен жапсарлас салынған ғимараттардың құрылымдық ерекшеліктері тудырды", — делінген хабарламада.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Еске салайық, Алматыда "Горный гигант" ықшамауданында жекеменшік үй өртеніп жатқанын хабарлаған едік.

Zakon.kz тілшісінің айтуынша, оқиға орнындағы түтін бірнеше шақырымнан көрінеді.