Өзбекстан тұңғыш ғарышкерін ұшыруы мүмкін
Өзбекстан тұңғыш ғарышкерін ұшыруға дайындалып жатыр. Бұл туралы жыл қорытындысы бойынша халыққа және Парлам ...
Елде жыл басынан бері 35 өрт сөндіру бекеті ашылды, деп хабарлайды 24kz.
Ал 12 елді мекендегі нысан қайта жөнделді. Енді жыл соңына дейін тағы 51 бекет құрылып, 25-і жаңартылуға тиіс. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді. Өңірлерге тоқталсақ, биыл Маңғыстау облысында 8 заманауи өрт сөндіру пункті тұрғызылады. Бұлар өңірдегі Маңғыстау, Бейнеу, Қарақия және Түпқараған аудандарының ауылдарында орын тебеді. Жамбыл облысында Сортөбе ауылының өрт сөндіру бекеті жаңғыртылып, заманауи үлгіде жабдықталады. Бұл өрт сөндірушілердің жедел әрекет етуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ Абай облысының екі ауылында жаңа нысандар құрылысы басталды.
Өзбекстан тұңғыш ғарышкерін ұшыруға дайындалып жатыр. Бұл туралы жыл қорытындысы бойынша халыққа және Парлам ...
Еліміздің 340 мыңға жуық педагогі жасанды интеллект мүмкіндіктерін кәсіби деңгейде қолдануды үйренді. Бұл тур ...
Шаруа баққан ағайын еңбегінің өтеуін көргені жақсы. Баға төмен болса, ала жаздайғы еңбек зая кетеді. Қып-қызы ...