Зейнетақы 10%-ға өседі: 2026 жылы зейнеткерлер қанша теңге алады?
Қазақстанда 2026 жылдан бастап зейнетақы төлемі 10%-ға өседі. Келер жылдарға арналған бюджет жоспарына сәйке ...
Оралда полицейлер зейнеткерді алаяқтардың қақпанына түсіп қалудан құтқарып қалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қаладағы сауда орталықтарының бірінде зейнеткер 1,3 миллион теңгені алаяқтарға аударғалы тұрған сәтінде полиция қызметкерлері дер кезінде араласып, тоқтатты.
Зейнеткер терминалдың алдында тұрғанда, телефон тұтқасынан әйел адамның дауысы үздіксіз нұсқау беріп отырған.
Ол "ақшаңызды қызыңызға жіберіп жатырмын деп айтыңыз" деп бағыттап, айналадағыларға не жауап беру керегін де үйреткен.
Әңгімеге кейін өзін "баласы" және "полиция қызметкеріміз" деп таныстырған бейтаныс адамдар қосылып, ақшаны дереу аударуын талап еткен.
Белгілі болғандай, бірнеше күн бойы алаяқтар зейнеткерді қорқытып, "жинаған қаражатыңыз жоғалып кетуі мүмкін, оны қауіпсіз шотқа аударыңыз" деп сендірген.
Сөйтіп, қарт кісі қолындағы ақшасын терминалға әкеліп, соңғы сәтте ғана полицейлердің көмегімен аман қалды.
Қазақстанда 2026 жылдан бастап зейнетақы төлемі 10%-ға өседі. Келер жылдарға арналған бюджет жоспарына сәйке ...
Келтірілген залал көлемі 270 мың теңгеден асады. Абай облысында күдікті жүргізуші куәлігін "алып беремін" деп ...
Оралда бүгін түстен кейін жауған нөсерден кейін қала көшелері қайтадан су астында қалды , деп хабарлайды Sk ...