МӘМС жүйесін ауқымды өзгерістер күтіп тұр
МӘМС пакеті арқылы көрсетілетін қызмет түрлерінің саны артады. Мәжіліс міндетті әлеуметтік медициналық сақта ...
Депутат дауыстық жарнамаға қатысты бірнеше мысал келтірді.
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов мемлекеттік емес орындарда маңдайшалардағы жазуды дизайн кодқа сәйкестендіруді ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның сөзінше, республикалық маңызы бар қалалар шетелдік туристерді көптеп тартады.
"Бірақ бір ньюанс бар. Кез келген жерде маңдайшада үш түрлі жазамыз: кириллицамен қазақша, кириллицамен орысша және латынша. Қазір – минимализм заманы. Кириллицаны екінің бірі түсініп жатқан жоқ. Ең болмаса мемлекеттік емес орындарда маңдайшадағы жазуларды дизайн кодқа сай тек латын әліпбиінде жазу туралы ұсыныс берілсе, осыған Үкіметтің көзқарасы қалай?", – деді депутат.
Бұдан бөлек депутат Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктерінің өкілдеріне де сұрақ қойды.
"Сіздер дауыстық жарнаманы тоқтатамыз деп жатырсыздар. Ол қалай болады? Мысалы, Алтын орда базарында Мұқағалидің өлеңдерін оқып жүріп, кітап сататын ағамыз бар. Оны көру үшін арнайы баратын адамдар бар. Оныкі не қылмыс? Астанада бір апамыз бар. Ол Шәмшінің әндерін айтып жүреді. Алатау театрының "қазақша терапия" деген ұжымы бар. Олардың қымбат билбордтарға ақшалары жоқ. Байғұстар домбыраларын алып, метроның ішінде әндетіп жүріп, керемет әдемі көрініспен, киімдерімен жарнама жасайды", – деді Ринат Зайытов.
МӘМС пакеті арқылы көрсетілетін қызмет түрлерінің саны артады. Мәжіліс міндетті әлеуметтік медициналық сақта ...
Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 120-дан астам белсенді әйел «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты ұйымдастырған «Әйе ...
Қазақстандағы атқарушылық, өкілеттік және сот билігіндегі әйелдердің үлесі бүгінде 30%-ті құрап отыр. Пар ...